ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті.  Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ конституциялық құқық саласындағы тәжірибелі адвокаттар мен сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов ашып, жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқанын жеткізді.  «Жаңартылған преамбула формалды кіріспе емес, мемлекеттің рухани-идеялық тұғыры, Конституцияның бүкіл мәтінін біріктіріп тұрған құндылықтық бағдар ретінде ұсынылады. Дәл осы бөлімде мемлекеттің тарихи жады, қоғамдық келісімге деген ұмтылысы және болашақ дамудың стратегиялық бағыты жинақталған», – деді Уәлихан Ахатов.

Академиялық тыңдауда мемлекеттік биліктің конституциялық негіздерін нығайту,     адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін кеңейту  және қазіргі қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселесі қарастырылды.

Жиында депутат Үнзила Шапақ Конституциядағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғанын айтты. «Жаңа Конституцияның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап қоғам арасында кеңінен талқылануда. Қазірдің өзінде Конституциялық комиссия түскен ұсыныстарды қарастырып, жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан әлі де жаңа Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Осы орайда, университеттік ғалым-сарапшылармен бірлесіп академиялық тыңдаулар өткізу аса маңызды», – деді депутат.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өз сөзінде жаңа Конституция жобасын талқылау қоғам үшін айрықша маңызды кезең екенін атап өтті.  «Конституция мемлекеттің құқықтық қаңқасы ғана емес, қоғам мен биліктің өзара сенімінің кепілі. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бұл ретте академиялық орта мен заңгер-ғалымдардың сараптамалық пікірі ерекше маңызға ие. Бұл саяси науқан елдің болашағын сақтауда жасалып жатқан ауқымды бастама», – деді Ермұрат Бапи.

Академиялық тыңдаулар кезінде заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраева, заң ғылымының кандидаты, профессор Лейла Күлтемірова, Алматы қаласы Алатау ауданының судьясы Талғат Дәулетниязов баяндама жасады.

Шара барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда талқылап, ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде талдау жұмыстарын жүргізді.  Сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық дәстүрлерді ескере отырып, ғылыми негізделген ұсыныстар әзірледі.

Нәтижесінде жинақталған сараптамалық ұсынымдар мен талдамалық материалдар алдағы ғылыми-талдамалық, сараптамалық-консультативтік және қоғамдық-ағартушылық қызметте, сондай-ақ конституциялық құқық пен мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуда пайдалану жоспарлануда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного...

Алматы облысында ағза донорлығы: үш донорлық процесс – ондаған өмірге үміт

Еуропалық ағзалар доноры күніне орай Алматы облысында қайтыс болғаннан...

«Жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы»

Мемлекеттік тіл – елдің ұлттық болмысын айқындайтын, халықты біріктіретін жәнемемлекеттіліктің маңызды нышандарының бірі. Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойықалыптасқан рухани мұрасы, тарихи жады мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан...

Медиация институтына 15 жыл: тарих және тағылым

«Медиация туралы» заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, тамыз...

Соттағы жасанды интеллектті игеру бойынша ізденіс жалғасады 

Өркениет көшіне ілескен ел озық мемлекеттердің даму тәжірибесіне қарайды....