Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафаның төрағалығымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңейтілген отырыстың негізгі мақсаты – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау және партияның идеологиялық бастамаларын өңір көлемінде кеңінен түсіндіру болды.

Жиынды ашқан өңірлік филиал төрағасы Садық Мұстафа алғы сөзінде:

«Халық -биліктің бірден-бір бастауы. Конституциялық жаңғыру – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам», – деп атап өтті.

Отырыс барысында «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, қоғам арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының маңызын баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, партия орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева да Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік саясат пен отбасы институтын нығайтудағы рөліне кеңінен тоқталды.

Күн тәртібіне сәйкес Садық Мұстафа «Адал азамат» тұжырымдамасының партиялық идеологиядағы орны мен оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызын атап өтті.

Сырдария аудандық филиал төрағасы Жанарбек Нұрымбетов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы өңірлік жұмыстар жайлы баяндаса, Шиелі аудандық филиал төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қанат Жүсіпов «Заң мен тәртіп» идеологиясының қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Кеңейтілген отырыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Сұрақ-жауап бөлімінде Конституциялық реформаларды халық арасында тиімді түсіндіру жолдары талқыланды.

Аталған басқосу партияішілік жұмыс аясын күшейтіп қана қоймай, ел дамуына бағытталған маңызды саяси реформалар бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға арналған диалог алаңы болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдап, оны қоғам арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного...

Алматы облысында ағза донорлығы: үш донорлық процесс – ондаған өмірге үміт

Еуропалық ағзалар доноры күніне орай Алматы облысында қайтыс болғаннан...

«Жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы»

Мемлекеттік тіл – елдің ұлттық болмысын айқындайтын, халықты біріктіретін жәнемемлекеттіліктің маңызды нышандарының бірі. Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойықалыптасқан рухани мұрасы, тарихи жады мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан...

Медиация институтына 15 жыл: тарих және тағылым

«Медиация туралы» заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, тамыз...

Соттағы жасанды интеллектті игеру бойынша ізденіс жалғасады 

Өркениет көшіне ілескен ел озық мемлекеттердің даму тәжірибесіне қарайды....