12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қалқаман ауруханасында жаңа технология көмегімен ота жасалды

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың хирург-проктолог мамандары көтеу мен кіші дәретін ұстай алмай, жылдар бойы ауру зардабынй тартып келген 54 жастағы әйелге күрделі аралас ота жасады, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, көтеу салдарынан тік ішегі сыртқа айналып шығып кеткен пациент түшкіргенде, жөтелгенде кіші дәреті шығып кететінін айтқан. Тексеру барысында қуықтың артқы жағы төмен түсіп, тік ішектің сыртқа шығып кеткені анықталды.
«Пациентке бір уақытта екі ота жасалды. Яғни, қуық көлемін кішірейттік және III-IV стадиядағы геморройға жаңа Лонго әдісі бойынша операция жасап шықтық. Манипуляциялардың бәрі геморрой түйіндерінің жоғары жағына жасалады, рецепторлар көп орналасқан аумаққа тиіспейміз. Сондықтан операциядан кейін ауырсыну сезімі болмайды», — дейді аурухананың проктология бөлімшесі меңгерушісі, хирург-проктолог Марат Каленбаев.
Айтуынша, бұл әдістің өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, ішектің анатомиялық құрылымы тез арада қалпына келеді, пациент денсаулығының қалпына келу уақыты қысқарады, отадан кейін асқыну мен ауырсыну болмайды. Ота нәтижесінде пациент тез оңалып, дәрет жүру процесі қалпына келді.
«Қалқамандық дәрігерлердің арқасында операция сәтті өтті. Нәтижесін бірден байқадым. Тағы бір байқағаным, мұнда пациенттердің бәрі тез оңалып, ауруханада көп жатпай шығып кетеді екен. 7-ауруханаға, әсіресе маған ота жасаған қолы алтын дәрігер Марат Каленбаевқа көп рақмет!», — дейді пациент.
Естеріңізге сала кетсек, аса күрделі жоғары технологиялық ота жоспарлы түрде, МӘМС пакеті шеңберінде жасалды.

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...