«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын Сайрам ауданының полицейлері өткізді

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға және отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Отбасылық құндылықтар тақырыбында студенттермен кездесулер Сайрам ауданы Ақсукент кентінде орналасқан Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы колледжде және көпсалалы колледжде өтті. Оларға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Абибуллаев Абдухамид, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметінің қызметкерлері және 150-ден астам студент қатысты.
Кездесу барысында полиция мен психологтар құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме өткізіп, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...