ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту мемлекеттік мекемесіне қарасты «И.Журба» және Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңының негізгі ережелерін түсіндіру және ақпарат беру ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Арыс аудандық ПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы А.Мырзахметова, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор меңгерушісі Ж.Абылова, аудандық ауруханасының дәрігер акушер-гинекологы Алимкулова А.Н. Арыс аудандық сотының бас маманы Д.А.Заурбек , Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің психолог әдіскері Б.Момынкулова және полицияның қоғамдық көмекшілері қатысты.

Ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс шара кезінде үнпарақтар таратылып, видеоролик көрсетілді. » ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» флешмобы ұйымдастырылды.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...