12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өзінің жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, 6 миллион теңгені жымқырған жігітке сот үкімі шықты

2022 жылдың тамыз айында Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс тіркелген болатын. Онда арызданушы жергілікті тұрғын, өзінің сусындар тұратын қоймасына белгісіз біреу кіріп, кассадан 6 млн теңге ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері «Ұрлық» бабымен тіркеп, қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлердің тергеу әрекеттері барысында, күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол ұрлық жасамас бұрын сол күні қойма ішіне кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, 5 сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне тарқаған сәтте ешкімнің қалмағанына көз жеткізіп, арам ойын іске асырған.

Яғни, қойманың терезесінен кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Одан айғақты зат ретінде 1,5 млн теңге алынып, иесіне қайтарылған.

Осы іс бойынша жан-жақты тексеру шараларын атқарып, дәлелдемелерді жинақтаған полицейлер іс құжаттарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Нәтижесінде сот үкімімен 23 жастағы жас жігіт ҚР КҚ-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...