spot_img
spot_img

«Жыртылған ту үшін шенеуніктен ақша талап етіп, бопсалаған»: Шымкенттік блогер ұсталды

Шымкенттік блогер Ғани Өмірәлі жыртылған туды негіз етіп шенеунікті қорқытып, ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КазТаг” порталына сілтеме жасап.

«Криминалдық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел шараларды жүргізді. Нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Тергеушілер оның Toyota Camry көлігінен 300 000 теңге көлемінде ақша тәркіледі. Күдікті сот шешімімен қамауға алынды», — деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өмірәлінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Шымкент қалалық ІІД криминалдық полициясына лауазымды тұлға хабарласты. Ол өзін блогер ретінде таныстырған адамның жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтты. Өз кезегінде олар мемлекеттік туы жыртылған бейнежазбаны әкімшілік ғимаратқа таратпауға уәде берген», — деп түсіндірді полицейлер.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бопсалау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...

Қазақстан экономикасындағы жаңа бағыт: Цифрландыру кезеңі

Қазақстан өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуда жаңа, тарихи маңызды кезеңге аяқ...