Жыр алыбы — Жамбыл Жабаев!

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірмдер  арасында  «XX ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерекесіне арналған, әдеби-кеш өтті. Іс шараға Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері,  Ахмадиев Айбын және Сейсембаев Санжар  бірлесіп,  жазалы жасөспірімдер арасында өткізілді.  

Әдеби-кештің мақсаты: ақының өлеңдерін насихаттап, ұлттық құндылыққа баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа кішпейілдікке тәрбиелеу.

Жазасын өтеуші жасөспірім сотталғандар  – Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа қазақ және орыс тілінде, «Халық-менің шын атым»,  «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградттық өренім», «Балаларға» т.б өлеңдерін жатқа екі тілде оқыды.

Концерттік бағдарламаның соңы, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің  «Жыр алыбы- Жамбыл!» туралы дайындаған  кітап көрмесін көрсетумен, викторияналық сұрақтар қойып,  жауаптар алынды. Іс-шара соңында Ахмадиев Айбын өлең оқыған жазасын өтеушілерді грамоталармен марапаттады.

Өтетін барлық іс-шараларға белсене араласып,  өз тараптарынан көмек көрсетіп отыратын Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана ұжымына, мекеменің тәрбие бөлімінің  қызметкерлері  зор алғысы білдірді.

                                                                          №11 мекеме  Еркегүл  Жеңісхан

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...