Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталған әйелдерге арналған трансформациялық ойын өткізілді

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталған әйелдер үшін ерекше әрі маңызды іс-шара ұйымдастырылды — «Сенің санаңның сиқыры» тақырыбында трансформациялық ойын өткізілді.
Ойынды халықаралық ойын практигі Сауле Саменова жүргізді. Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың ішкі әлемін дамыту, олардың жеке әлеуетін ашу және эмоционалдық жағдайымен жұмыс істеу болды.
Ойын барысында әйелдер өздерін тереңірек танып, сезімдері мен өмірлік ұстанымдарын түсінуге мүмкіндік алды. Қатысушылар белсенді қатысып, өз ойлары мен сезімдерімен бөлісті. Іс-шара қорытындысы бойынша көптеген әйелдер жаңа инсайттар алып, маңызды түсініктерге қол жеткізгендерін және ішкі қолдау сезінгендерін атап өтті.
Жасақ бастығы, әділет майоры Ахмеджанова С.А. мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Осындай ойындар әйелдердің ашылуына, өздерін және эмоцияларын тереңірек түсінуіне көмектеседі. Бұл — тұлғалық өзгерістер мен қоғамға қайта бейімделу жолындағы маңызды қадам».
Осындай іс-шараларды өткізу позитивті ойлауды қалыптастырып, психологиялық жағдайды нығайтуға ықпал етеді және сотталған әйелдердің қоғамға қайта оралуына дайындалуына көмектеседі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, трансформациялық ойындар шектеулі орта жағдайында тұлғаны дамыту мен психологиялық қолдаудың тиімді құралына айналып келеді.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...