Жыл басынан Петропавл полицейлері 49 мәскүнемді мәжбүрлеп емделуге жіберді

Петропавл полицейлері масаң күйде жанжал шығару фактілері бойынша 57 жастағы қалалықтың әйелі мен қызынан келіп түскен шағымдарға бірнеше рет ден қойған. Әйелінің арызы бойынша жанжалқойды мәжбүрлеп емделуге жіберу рәсімі басталған. Медициналық комиссиядан өткен ер адам қаладан кетіп қалып, облыс аудандарының бірінде ұзақ уақыт бойы жасырынған. Кейін үйіне оралғаннан кейін қайта комиссиядан өтуге тура келген. Ол комиссиядан жалтарған. Учаскелік полиция инспекторы оны дәрігерлердің қарауына отбасыда жанжал шығарғаны үшін әкімшілік қамақты өтеген кездері апарып жүрген. Нәтижесінде ол сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына жіберілді.

«Бұл маскүнемдердің түзелуіне ықпал ететін бірден бір шара, — деді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлім бастығы полиция майоры Рустам Садулов. – Тұрмыс саласында құқық бұзушылықтар қайталанып жасалса, бұл мәжбүрлеп емделуге жіберуге негіз бола алады, бірақ жағдайды бұған жеткізбеген жөн. Мас жанжалқойлардың әрекеті ертелі-кеш тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне алып келеді, соңы ауыр қылмыспен аяқталуы мүмкін. Ащы суға тәуелді жандардың жақындары бұған тосқауыл бола алады. Маскүнемдердің түзелемін деген уәдесі бос сөз екенін түсінген жөн. Бұндай адамдарға мамандардың көмегі қажет».

Жыл басынан Петропавл полицейлері 49 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберген.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...