«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінде «Бұрын қандай әке болдым және бостандыққа шыққан соң қандай әке боламын?» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Кездесу барысында сотталғандар балалық шақтағы естеліктерімен бөлісіп, балалары туралы айтып, отбасына қайта оралу армандарын жеткізді. Әрқайсысының тағдыры әртүрлі болғанымен, барлығын біріктіретін бір сезім – балаларына деген шексіз махаббат пен сағыныш.

Тренингтің шығармашылық бөлімінде қатысушылар суреттерді бояу арқылы ішкі сезімдері мен толғаныстарын жеткізді.

Темір тор адамның бостандығын шектегенімен, әкелік махаббаты мен сағынышын өшіре алмайды. Тренинг қатысушыларға өмірлік құндылықтарды қайта саралап, балаларының болашағы үшін өз өмірлеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...