12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 27 млрд теңгеге жәрдемақы алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 27 миллиард теңге болды. Орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

«Төлем мөлшері бала санына байланысты төленеді және 2022 жылы 49 100 теңге (4 бала), 61 383 теңге (5 бала), 73 666 (6 бала) теңге, 85 948 теңге (7 бала), 8 балаға 98 016 теңге, 9 балаға 110 268 теңге, 10 балаға 122 520 теңге, 11 балаға 134 772 теңге, 12 балаға 147 024 теңге, 13 балаға 159 276 теңге, 14 балаға 171 528 теңге, 15 балаға 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңге болды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын. Бұл жәрдемақы олардың кірістерін есепке алмай берілетіні айтылды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...