Жыл басынан бері елімізде 303 жаңа балабақша ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында елімізде білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрлар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білім мен ғылым саласына дейінгі барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударып отыр.

2025 жылдың басынан бері елімізде 26,6 мың орынға арналған 303 жаңа балабақша ашылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын барлық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталықтары жұмыс істейді, — делінген ақпаратта.

Сонымен бірге, «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Пилоттық жоба 20 қала мен 7 ауданда жүзеге асуда, оған 4,8 мың мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 671 мыңнан астам ваучер берілген. Нәтижесінде балабақша кезегі екі есеге жуық қысқарды.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.