Жыл басынан бері елден 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті анықталған

Қазақстанда жыл басынан бері 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті әшкере болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы №830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен биылғы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан 8 000 000 миллион АҚШ долларынан аса сомаға валютаны әкетудің жолын кесті», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан аса сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...

Упор – на ранее выявление

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА ПРЕСТУПЛЕНИЯ СОВЕРШИЛИ ОКОЛО СЕМИ ТЫСЯЧ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...

Почему мы засыпаем на лекциях и совещаниях?

НАВЕРНЯКА КАЖДОМУ ЗНАКОМА ТАКАЯ СИТУАЦИЯ, КОГДА ЧЕЛОВЕК СИДИТ НА...