2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша сұрақтар қарастырылды.
Жиналыс барысында жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тартпау туралы сұрактар қарастырылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік қызметшілерге екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартылуы мүмкін.
Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес Еңбек кодексінің 77-бабының 2-тармағында көзделген (елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде және басқа) жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Жұмыс істейтін әрбір қызметкердің тәулік ішіндегі үстеме жұмысы екі сағаттан, ал үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.
Жүктілік туралы анықтама берген жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер және мүгедектер үстеме жұмысқа жіберілмейді.
Еңбек Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды (төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою) қоспағанда, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі (бұйрық немесе өкім) негізінде жол беріледі.
Сондай-ақ жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.
Үстеме жұмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленетіндігін (Еңбек кодексінің 108,109-баптары) атап өткен жөн.
Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін тынығуға кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын, ал демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін басқа демалыс күнін ұсынуға жол беріледі. Сондықтан, жұмыскердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген жұмыс уақытын есепке алу жұмыс берушінің бір негізгі міндеттерінің біріне кіреді. Үстеме жұмыс уақыты, демалыс, мереке күндері бөлек есептеледі.
Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс туралы нені білу маңызды:
— үстеме жұмысқа, демалыс, мереке күндеріндегі жұмысқа тарту үшін қызметшінің жазбаша келісімі қажет;
— үстеме жұмыс уақытындағы жұмыс әр қызметші үшін тәулік ішінде екі сағаттан, айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс;
— жұмыс, демалыс және мереке күндері (жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде тіркелуге);тіркелуге тиіс;
— Үстеме жұмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу жұмыс келісімі бойынша қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшердегі ақымен өтеледі. Мұның бәрі актімен (бұйрықпен немесе өкіммен) ресімделуге тиісті.
Осыған байланысты, егер мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жұмысқа кезіксе Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке және агенттіктің аумақтық департаменттеріне, сондай-ақ еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органдарға жолығуға тиісті.
Ведущий специалист
Департамента Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
по городу Алматы
Әуезов Нұрдаулет Саттарұлы