12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүк көліктерін жөндейтін жазасын өтеуші

         Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде  жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту үздіксіз жүргізілуде.  Қазіргі таңда мекемедегі 130-ға жуық сотталған қала ішіндегі жеке кәсіпкерлерде келісімшарт негізінде жұмыс жасайды. Солардың бірі Болат есімді сотталған үлкен жүк көліктерін жөндеумен айналысады.
         — Бұл мекемеде жұмыс жасап жатқаныма 1 жылдай болды. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Ер адам болғасын машина жөндеу жұмысы қолымыздан келеді. Жалақымыз уақытылы төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Сондықтан осы жұмысқа бірден келісе кеттім. Жалақымнан артылғанын отбасыма да жіберіп тұрамын. Өз ісімнің маманымын деп айта аламын. Абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, істі болдым. Жазамды өтеп, бір жағынан жұмыс жасап, жалақы алып жүргенім қуантады. Бостандықта екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргендер де жетерлік. Бір байқағаным мекеме әкімшілігі осындағы жазасын өтеушілердің қандай мамандыққа икемі барын анықтап, жұмыс көздерін тауып орналастырады. Жұмыс орнымызға сағат 9-да барып кешкі 6- ға дейін жұмыс жасаймыз. Бір жағынан ойымыз бөлінеді. Бостандықтың қадірін түсініп жатырмыз деді Болат есімді сотталған.

  • Сот үкімімен жазасын өтеуге жіберілген әрбір сотталған толық зерделенеді. Олардың икем-дағдыларына, білім-біліктеріне қарай жұмысқа орналастырамыз. Сотталғандар еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды,-дейді мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Азиза Асылханқызы.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....