Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай спорттық іс-шара өтті. Бұл бастама қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, олардың дене белсенділігін арттыруға, сондай-ақ ұжымдағы командалық рухты нығайтуға бағытталды.

Спорттық іс-шараға мекеменің 30-дан астам қызметкері қатысып, үш командаға бөлінді. Қатысушылар кросс жүгіріс, эстафета және доп лақтыру сияқты жарыс түрлерінде өздерінің ептілігі, төзімділігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Әр кезең тартысты, бірақ достық жағдайда өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын эмоциялар сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

— Мұндай іс-шаралар салауатты әрі ұйымшыл ұжым қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қызметкерлердің салауатты өмір салты қағидаларын ұстануы — тек жеке әл-ауқаттың кепілі ғана емес, сонымен қатар қызмет тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Осындай бастамалар командалық рухты нығайтып, өзара қолдауды дамытып, жағымды жұмыс атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта біз мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді мекеме бастығы Уалихан Жумашев.

Өткізілген іс-шара ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етіп, белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі болды.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...