12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жолдау жүктеген міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің барлық саласының сандық дәуірге бейімделуі уақыт сұранысы екеніне үндейді. Осы орайда еліміздің сот жүйесі алғашқылардың бірі болып сандық технологияға бейімделіп, игілігін көрген болатын.

Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі барлық өтініштердің 95%-ы сот кабинеті арқылы беріледі. Бұл өз кезегінде тараптарға әлемнің кез келген нүктесінен сотқа қашықтан жүгіну мүмкіндігін береді.

Бейнеконференц байланысын белсенді қолдану, процеске қатысушыларға электрондық хабарламаларды енгізу, сондай-ақ істерді қараудың қағазсыз форматына көшу іс жүргізу шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

2016 жылдан бастап еліміздің барлық соттарында 60-тан астам ақпараттық деректер базасымен интеграцияланған «Төрелік» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда «Төрелік» 2.0 жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Ақпараттандырумен барлық кезеңдер: құжаттарды қабылдау, істерді автоматтандырылған бөлу, сот талқылауы мен шешімдерді беру қамтылған.

Егер пандемияға дейін барлық сот отырыстарының жартысына жуығы онлайн өткізілсе, пандемия кезінде бұл көрсеткіш 94%-ға жетті.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, «Сот практикасының цифрлық талдауы» іске қосылды.

Бағдарлама сот шешімдерінің мәнін түсінуге, оларды бір-бірімен салыстыруға, даудың белгілі бір түрі бойынша кемшіліктерді анықтауға бағытталған.

Бұл жаңашылдықтың тағы бір жағымды тұсы — сервис азаматтарға дауды қарау нәтижелерінен қандай қорытынды күтуге болады деген болжамды алдын ала білуге мүмкіндік береді. Жүйе қалыптастырған сот актілері банкі судьяларға республикада бұрын шығарылған бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот актілерін табуға, оның іс жүргізуіндегі даудың санаты бойынша сот практикасын білуге көмектеседі және бірыңғай сот практикасына сәйкес дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.Бүгінгі күні цифрлық технология жетістіктері сот саласының жұмысын жедел, ашық, қолжетімді етіп отыр. Ал ашықтық пен қолжетімділік өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін нығайтады.

Абай Шарипбаев, Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...