Жолда қалған жүргізушілер патрульдік полицейлерге алғыстарын жеткізуде

Өткен демалыс күні «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 556 шақырымында «КИА» автокөлігі жол жиегінде жанар-жағармайының таусылуына байланысты тұрып қалған. Патрульдеу бағыттары бойынша жүрген Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Ш.Шекербеков пен полиция аға лейтенанты Е.Адырбеков жүргізушіге көмектескен.

Яғни сол маңда жақын жерде орналасқан жанармай бекетінен бензин әкеліп беріп, автокөліктің жүруіне өз септіктерін тигізген. Полицейлердің жанашырлығына риза болған Қырғыз елінің азаматы шынайы ризашылығын білдірді. Одан бөлек патрульдеу кезінде, қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты А.Ақылбаев пен полиция аға лейтенанты Т.Бисенов «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 775 шақырымында жол апаты салдарынан жол жиегіне түсіп кеткен «Лада Ларгус» автокөлігін анықтады. Нәтижесінде полицейлер жүргізушіге көмектесіп, көлігін сүйреп шығару үшін арнайы автокөлік тауып берген. Өз кезегінде жүргізуші полицейлердің қолғабыс еткеніне алғысын жаудырды. Ал жол бойында кездесетін келеңсіз жағдайлардың тағы бірі — көлік дөңгелектерінің жарылуы. Мәселен патрульдік полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Б.Алибеков пен полиция капитаны Ж.Базарбеков, «Шымкент-Самара» тас жолының 34 шақырымында «ХоВо Синотрюк» жүк көлігінің дөңгелегі жарылып бұзылып тұрғанын байқайды. Содан бірден көмектесіп, жүк көлігінің ақауы жөнделіп, жүріп кетуііне өз септіктерін тигізген. Қарапайым полицейлерден дер кезінде көмек алған жүргізушілер болса, өздерінің шынайы алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының басшысы: байқаушылар облыстың 922 учаскесін қамтиды

 Түркістан облысы бойынша "Дауыс" байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев...

Бір миллионнан астам адам дауыс бере алады»: Марат Сұлтанғазиев референдумда өз таңдауын жасады

Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы...

Референдумдағы «ерекше вайб»: Қазақстандықтар дауыс беру барысында креатив танытуда

Республикалық референдум тек азаматтық жауапкершілік сынағы ғана емес, сонымен...

Жәбірленушінің жауапкершілігі: құқық пен міндет теңдігі

Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайда ең...