Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлескен «Еуразиялық ғылым және технологиялар мектебі» институты ашылды.

Аталған институт-филиалда Қытай азаматтары химия және биология салалары бойынша Еуразия ұлттық университетінің білім беру бағдарламалары негізінде оқитын болады. Оқуды аяқтаған түлектер екі университеттің дипломын алады.

Институт үшін Наньнин педагогикалық университеті базасында оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ететін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған жеке ғимарат бөлінген.

Институттың ашылуы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған.

Ашылу салтанатына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықов, Наньнин педагогикалық университетінің президенті Лун Гуанцинь, аталған университеттің партия комитетінің хатшысы Чжан Пэн, сондай-ақ екі жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қытай –  Қазақстанның сенімді көршісі, жақын досы және мәңгі стратегиялық әріптесі.Біз бұл жобаны тек академиялық байланыстарды кеңейту құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және қазақстандық білімді халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызды тетігі ретінде қарастырамыз.

Жобаның тарихы 2022 жылдан басталады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2023–2024 жылдары тараптар арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылып, бірлескен институт құру туралы келісімге қол жеткізілді.Бұл жоба тек біздің университет үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де жаңа қадам болып табылады және оны ең перспективалы халықаралық жобалардың бірі деп атауға болады. Бұл жаңа кезең Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтып, мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін»,деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

ЕҰУ ректоры алдағы уақытта білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейту және студенттер санын арттыру жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Наньнин педагогикалық университетінің партия комитетінің хатшысы Чжан Пэннің айтуынша, Еуразиялық ғылым және технологиялар мектебі – Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі мақұлдаған Наньнин педагогикалық университетінің алғашқы бірлескен білім беру мекемесі және Қытай мен Қазақстан арасындағы алғашқы бірлескен оқу орны. «Бірлескен институттың ашылуы Наньнин педагогикалық университетінің интернационалдануының жаңа кезеңін білдіреді. Бұл тек тәжірибелік қадам ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру алмасуларын тереңдету, өркениеттердің өзара түсіністігін арттыру және «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жүзеге асыруға бағытталған нақты іс-шара», деді спикер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — қоғам тұрақтылығының негізі

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, мемлекеттік...

Мемлекеттік тілді дамыту – ортақ борышымыз.

Мемлекеттік тіл – ұлттың рухани негізі, ел бірлігінің берік...

Қылмыстық заңнамадағы өзгерістер: заңдылық пен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстар...

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...