«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы — «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.

«Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы желтоқсан аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...