«Жолаушыларға қауіп төнеді». БҚО-да теміржол қызметкерлері Президентке үндеу жасады

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау кентіндегі теміржол қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, — деп хабарлайды «Мой город».

Видео үндеуге сүйенсек, өткелдер бойынша кезекшілерді жұмыстан босату ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«2017 жылдан бері теміржол өткелдерін қарап келеміз. Орал — Нұр-Сұлтан бағытындағы «Тальго» жүрдек пойызы біздің теміржолмен өтеді. Биыл 13 мамырдан бастап өткел күзетін ұстаудың тиімсіздігіне байланысты бізді қысқартып жатыр. Бұл мәселеге араласуыңызды сұраймыз, өйткені басшылық бұл әрекет адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінбейді. Өткелдегі кезекшілер жұмыстан босатылған жағдайда біздің басшылық жолаушыларға қауіп төндіреді. Теміржол өткелдерінен күнделікті көліктер мен малдар өтеді», — дейді олар видеода.

Видео 1 мамырда түсірілгені айтылды. 2 мамырда Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев бұл мәлімдеме бойынша жиын өткізгенін түсіндірді. Сондай-ақ, ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығының бірлескен кездесуі жоспарланған.

Бисембаев бұл мәселені әкімдік бақылауға алды деп сендірді. Сондай-ақ, ол қызметкерлер қысқартылмайтынын, бірақ оларға балама жұмыс ұсынылуы мүмкін екенін айтты. Әкімінің орынбасары бірлескен отырыстан кейін толығырақ ақпарат беруге уәде берді.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...