12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жол ережесін бұзғандар
қатаң жазаланады

Көлік апаты күннен күнге көбеюде. Сондықтан, бұл мәселеге ерекше назар аударылып, Президент тап­сырмасымен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің бірнеше бабы жаңартылып, жол ережесін бұзғандарға қолданылатын жаза барынша қатаңдатылды. Осы себепті, жұртшылықты аталған өзгерістерден хабардар еткен жөн.
Жол-көлiк оқиғасының орын алмайтынына ешкім кепілдік бермейді. Жол апатына қатысы барлар заң аясында әрекет етуі керек. Алдымен, қылмыс­тық кодекстің 347-бабынан бастасақ, көп адам жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалудың салдары қандай жауаптылыққа әкелетінін біле бермейді.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындай тұра жүргізуші немесе жол жүрісі ережесін бұзған адам апат болған жерден кетіп қалса, ол 3 жылға дейін белгілi бiр лауазымды атқару, сондай-ақ, қызметпен айналысу құқығынан айырылады. Бұған қоса мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу немесе 600 сағат шамасында қоғамдық жұмысқа тарту, 2 жыл көлемінде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зардап шегушiлерге көмек көрсету үшін оқиға орнын уақытша тастап кету бұл бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болады.
Әрбір жүргізушінің, сондай-ақ, әрбір көлік иесінің тиісті заңнамалармен белгіленген міндеті бар. Оларды орындамаған жағдайда қолданылатын жаза түрі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611-бабымен айқындалған. Мысалы, жүргізуші өзінің қатысуымен болған ЖКО кезінде міндетіне салғырттық танытса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілгендей, егер ол жол ережесін бұзуы арқылы апатты жағдай тудырып, оқиға орнынан кетiп қалса 1 жыл көлемінде көлік жүргізе алмайды. Ал көлік жүргізу құқы жоқ немесе ол құқықтан белгілі бір мерзімге айырылған адамның мұндай әрекеті 100 АЕК, яғни, 306300 теңге көлемінде айыппұл салуға не 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Ескерерлігі, зардап шегушiге медициналық көмек көрсету үшін жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалса осы бап аясында жауаптылықтан босатылады.
Бүгінде көлiк жүргізу куәлігінен айы­рылғанына қарамай рулге отыратындар аз емес. Мұндай кезде ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен 10АЕК, ал, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде сол әрекетін қайталағандарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Көлік жүргізуге заңмен тыйым салынған, сондай-ақ, оны жүргізу құжаты жоқ адамдарға машинасын айдауға бергендер де жазасыз қалмайды. Оларға 50 АЕК, яғни, 153 150 теңгеге дейін айыппұл салу көзделген. Бұл жаза белгiленген қағидаларға сәйкес, жүргiзу, оқыту жағдайларында қолданылмайды. Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жазаға тартыла тұра оның талаптарын сақтамай, бiр жыл ішінде сол әрекетін қайталағандар 70 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мемлекеттің немесе құзырлы органдардың ғана жұмысы емес. Бұл бүкіл ел болып атсалысатын іс. Әрбір адам өзіне қауіп төндірмеу арқылы өзгенің өмірін де сақтап қалатынын ұмытпауы керек.

Е.Бақытжан,
Ырғыз аудандық сотының төрағасы
Ақтөбе облысы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...