12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл — бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып табылатын ресми, саяси, мәдени салаларда белгілі бір мемлекет шеңберінде интеграциялық қызмет атқаратын тіл. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі. Еліміз үшін қазақ тілінің маңзы зор!

Қазіргі таңда мемлекеттік тіл — бұл мемлекеттік-әкімшілік мәтіндердің, заңдардың, бұйрықтардың, білім берудің, бұқаралық ақпарат таратуда өзінің қызметін толық атқарып отыр. Ең бастысы жыл өткен сайын тілімздің маңызы артып, мәртебесі асқақтап келеді. Жалпы тілдің адамзат өмірінде маңызы зор.  Тіл арқылы халық өз ойын білдіреді, эмоциясын білдіреді. Мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы өте зор: оның көмегімен ғылымның, өнердің, техниканың дамуы және т.б. Халықтар әртүрлі тілдерде сөйлейді, бірақ бір мақсат — өзара түсіністікке жету көзделеді. Бірақ қоғам деградацияға ұшырамас үшін әр адам өзін-өзі ұстау ережелерін — сөйлеу мәдениеті деп аталатын ережелерді сақтауы керек. Бұл адамдарға сауатты және дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Мұнда мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызды рөлі көрінеді.

Сот жүйесінде де мемлекеттік тіліміздің өз орны бар. Қазіргі уақытта, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі ретінде басымдық — мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабына сәйкес, Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот үйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы. Алдағы уақытта мемлекеттік тіліміздің мәртебесі де, құқықтық орны да арта береріне сенім мол!

Амандықова Аққағаз, Қонаев қаласының мамандырылған тергеу сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы

Неке бұзудан отбасылық даулар туындайды

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік...

Ата Заң — мемлекеттің негізгі және тұрақтылықтың кепілі

Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея....

Исполнение приговора суда

Исполнение приговора суда является завершающей стадией уголовного судопроизводства, обеспечивающей...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...