12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі — іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және қылмыстық істерді, сондай-ақ азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттін құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында экономикалық дауларды қарастыру мен шешу бойынша құқықты қолдану тәртібі. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді. Соның дәлелі еліміздің сот жүйесі цифрлы жүйеге көшудә сәтті жүзеге асырып қазір аталмыш сала сандық технологияның арқасында ашықтық пен жариялылыққа қол жеткізіп отыр. Тіпті сандық технология арқасында жемқорлықтың да алдын алуға қол жеткізіліп отыр. Бұл уақыт сұранысына сай енгізілген жаңа өзгерістердің тиімділігін дәлелдеп отыр. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру және сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыру үшін сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйелері қолданылуда. 

 Сот кабинеті — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады.Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.Қазіргі таңда біздің сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалға келтіретін болсақ, азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Өз кезегінде ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді. Интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығында  электронды бұрыштар ұйымдастырылған. 

 Еліміздің сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

С. Б. Бекбосынова, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...