Жол қауіпсіздігі мәселесі журналистермен талқыланды

«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы бойынша Жетісай ауданының полицейлері ауқымды іс-шаралар атқаруда. Мысалы тәртіп сақшыларының күнделікті рейдік-профилактикалық іс-шараларынан бөлек, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Келелі кездесуде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша төртінші билік өкілдерімен бірлесіп, жұмыс атқару талқыланды.

Яғни халық арасында, оның ішінде автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндіруде жұмыла қызмет ету қажеттігі айтылды. Өз кезегінде журналистер полицейлерге ұсыныс-пікірлері мен сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу орнады. Сондай-ақ аудан тәртіп сақшыларының жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы уақытта бірге қарқынды қызмет жасайтындықтарын жеткізді. Одан басқа жетісайлық полиция қызметкерлері «Сіздің жолаушыңыз-бала!» тақырыбымен ата-аналар арасында жиналыс өткізді. Онда әрбір ата-анаға үйде ұл-қызына жол қозғалысы ережесін ұғындыру, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігі бойынша сұхбат өрбіді. Ақпарат ретінде айта кетсек, жалпы Жетісай ауданында 2022 жылдың 10-айында полицейлермен 47 744 оқушыға қауіпсіздік сабақтары өтті. Жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, «Жасөспірім және түнгі қаладағы балалар» профилактикалық шарасы ұйыымдастырылды. Шымкент қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 4 жасөспірім орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру дерегі бойынша аудандық әкімшілік жанынан құрылған комиссияға 12 іс құжат жолданды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...