Жол апатының алдын алу үшін 16 жасқа толмағандарға жанармай сатуға тыйым салынбақ

Татарстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 16 жасқа толмаған жандарға жанармай сатуға тыйым салу туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл бастаманы жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қолға алған. Қазақстанда осыған ұқсас ұсыныстың қаралған-қаралмағаны жайлы белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Татарстанның Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы жасөспірімдердің жолда квадроциклдер мен питбайктарды басқару кезінде жиі апатқа ұшырайтынын хабарлады. Басты себеп — жас жүргізушілердің ережелерді сақтамауы. Питбайктар мен квадроциклдерге жүргізуші куәлігі сұралмайтындықтан, жанармайға қолжетімділікті қиындату мұндай жағдайлардың жиілігін азайтуға сеп болуы мүмкін.

Ал елімізде Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, жанармай сатуға тыйым салу мәселесі ешқашан қарастырылмаған екен. 

Мәселеге қатысты автоэксперт Алексей Алексеев пікір білдірді. Ол бұндай ұсыныстардың даулы болуы мүмкін екенін ескертті.

«Жасөспірімдерге жанармай сатып алуға тыйым салу конституциялық құқықтарды бұзуы мүмкін. Өйткені олар жүргізуші емес, сатып алушы ретінде әрекет етеді. Бізде мопедтерге және оларға теңестірілген басқа көлік құралдарына жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатын заң қабылданды. Заң аясында  құжатсыз адам жанармай құймақ түгіл, жолдармен жүре алмайды. Ең бастысы, жасөспірімдер жолда куәліксіз жүрмейді», — деп қорытындылады сарапшы.

Бұған дейін мопед жүргізушісінің қандай құжаттары болу керектігі жайлы жазған едік.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.