Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың құны қайтадан барреліне 100 доллардан асты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің құны 7,27 пайызға өсіп, барреліне 102 доллардан асты.

WTI маркалы мұнайдың көктемгі фьючерстерінің құны 8,55 пайызға өсіп, барреліне 104,83 доллар болды.

Айта кетейік, сенбіде, 11 сәуірде Иран мен АҚШ Исламабадта келіссөздерді бастаған болатын. Алайда жексенбі күні таңертең АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болмағанын мәлімдеді. Келіссөз ұзаққа созылғанымен, нәтижесіз аяқталып, америкалық делегация еліне қайтты.

Сол күні Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған кемелерді бұғаттауды бастайтынын мәлімдеді.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.