Жоқ! — деп айтуды үйрен

Достар, мен Жансая Жаңабекқызы, сіздерді нашақорлыққа қарсы тұруға шақырамын. Салауатты өмір салтын таңдадым. Себебі нашақорлық пен уытқұмарлықтың адамзатқа тигізер зияны көп. Денсаулықты, жүйке жүйесін зақымдап, тіпті өлімге дейін алып келеді. Қауіпті екенін біле тұра, қаншама жас ғасыр індетінің торына түсуде. Өкінішке орай, олардың арасында қыздар да бар. Қазақ қызы — ұлттың анасы. Жар сүю, бала сүю, ана бақытын сезіну барлық қыз баланың арманы болуы тиіс. Қаракөздеріміздің түзу жолдан жаңылып, жат қылыққа бой алдыруы үлкен қасірет.

Графитти салу арқылы жиырма жасар қыз есірткі сатушыларға жәрдемдескен. Үйлердің қабырғаларына сурет салып, есірткі сататын сайттарды жарнамалаған. Ол қыз мүмкін алданып қалған шығар. Әлеуметтік желіде графитти сайыстарына қатысқанда абайлаған жөн. Желі арқылы жастарға алдап есірткі сатушылардан сақ болыңыздар! Сеніміңізге кіріп, есірткі ұсынса, міндетті түрде жоқ! — деп айтыңыз.

Таңдау жасауда, жақсы өмір сүруде өзіңізге байланысты.

Достарым!

Замандастарым!

«Қалай елестетсең, солай өмір сүресің» деген. Айқын мақсат, асқақ армандарымызға жету жолында есірткінің кедергі болуына жол бермейік! Нашақорлықсыз жарқын өмірді таңдайық!


Жансая НҰРМҰРАТ, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...