Жоқ! — деп айтуды үйрен

Достар, замандастар!

Біз рухы мықты, ақылы терең текті халықтың ұрпағымыз. Ерік-жігерін жастыпаған, жауын бастан асырмаған, қайсар, батыл батырлардың ұланымыз. Сондықтан да қандай қиын сәт болса да қауқарсыздық танытпай, жат қылықтан бойымызды аулақ ұстауымыз қажет. Нашақорлық қаны таза, жаны таза ұлтымызды жояды, ұрпағымызды улайды. Оның соңы өлімге апарады.
Есірткіге қарсы тұрудың алғы шарты денсаулыққа мән беру. Біздің мектепте балалардың салауатты өмірді таңдауына барлық жағдай жасалған. Денешынықтыру сабағынан бөлек түрлі спорттық үйірмелер бар. Сабақтан тыс уақытта да достарымызбен кездесіп жарыстар өткіземіз. Спорт менің өмірімнің бір бөлігі. Мен нашақорлыққа қарсымын! Есірткісіз әрбір сәтті мәнді өткізгім келеді. Сені де дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Бізге ата-анамыз сенім білдіріп отыр. Ұстаздар да зор үміт артуда. Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жастарға сенім білдірді. Бұл ақынның ғана емес барша ата-бабамыздың сенімі. Яғни маған және сіздерге үміт артып отыр. Саналы ұл-қыз ретінде Ұлт тарихына қара таңба жақпауды, рухымызды құлдыратпауды, сағымызды сындырмауды мақсат етейік.

Есірткі ұсынса, жоқ! деп айтуды үйрен. Бүгіннен бастап, жат әрекетке жол бермейік! Қазақ деген өр рухты ұлттың оғланы екеніңді көрсет! Бойдағы жастық қайрат пен жалынды жігерді тарихымызды танып, терең білім алып, еліміздің дамуына үлес қосуға жұмсайық! Өз болашағың өз қолыңда!

Берекет Бақытжан,
Әл-Фараби атындағы
№201 мектеп-лицейдің
9 -сынып оқушысы,
Жалағаш ауданы

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...