12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жоғары талап – жоғары нәтижеге жеткізеді

Сот қызметінің сапасын арттырып, азаматтардың сала жұмысына деген сенімін нығайту – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Осы тұрғыда, әрине, сот актілерінің әділдігі мен олардың сауатты әрі түсінікті жазылуы алдыңғы орынға шығары анық. Сондықтан, мақаламызға сот актілерінің сапасы жайлы ойымызды арқау етеміз.
Бұл мақсатта атқарылып жатқан шаралар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен қолға алынған түрлі жобалар шеңберінде жылдан-жылға жетілдірілуде. Мысалы, «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулылар қабылданып, 2018 жылдан қолданысқа берілді. Онда сот актілерін әзірлеу бойынша жаңа тәсілдер енгізілді. Сондай-ақ, «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының «Сапалы нәтиже» жобасы аясында сот актілерінің сапасына баса мән берілді.
2019 жыл «Сот төрелігінің сапасын арттыру жылы» болып жарияланды. Соған орай, соттарда жайлылықты арттырып, сот актілерінің тілін жетілдіру, судьяларды іріктеу жүйесін нығайту, қоғам мен сот арасында тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру, татуластыру рәсімдерін дамыту шаралары қарқынды қолға алынды.
Бұған қоса «Шұғыл жеңістер» жобасын айрықша атауға болады. Мысалы, онда сот процесін жүргізу мен сот актілерінің жаңа параметрлері жасалып, оларды жүзеге асыру тетіктерін жедел іске қосылды. Бүгінде бірінші және апелляциялық сатылардағы судьялар өздері шығарған сот актілері үшін жауап береді. Себебі, сот актілерін сауатты, және түсінікті жазу халықтың сот төрелігінің әділдігіне деген сенімін арттырып қана қоймай, негізсіз шағымдардың алдын алады. Сонымен қатар, бұл жоба билер салған сара жолмен ұтымды тіркестер қолдануға жол ашты.
Сот актілерінің жаңа типтік нысаны бекітіліп, олардың тілі күрт жақсарғанын ресми мәліметтер жоққа шығармайды. Сот актілері қысқа әрі нұсқа жазылады және тараптардың әр сұрағына уәжделген жауаптардан тұрады. Осылайша қысқа уақыт аралығында сот актілері сапалы жазылып, олардың біркелкілігі республика бойынша қамтамасыз етілді.
Жоғарғы Сот тарапынан жоғары талаптың қойылуы судьялардың қосымша ізденіп, білімдерін шыңдауына ықпал етуде десек, соған орай іске асырылған жұмыстар сот актілерін жазудың жаңа мәдениетін қалыптастырды деуге толық негіз бар.
Қазіргі күні сот актілеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300 сот актісі топтастырылған «Сот актілерінің мемлекеттік тілдегі үлгілері» жинағы жарық көргенін де айта кеткен жөн. Бұл жинақ өз кезегінде сот актілерін сапалы дайындауға бағдаршам болды.
Бүгінде соттың барлық шешімдерінің ашық базаға салынып, оларды кез келген адамның қарай алуы, сондай-ақ, әр судьяның өзі шығарған шешімді түсіндіруі қоғамның сот жұмысын қадағалауына мүмкіндік тудырды. Мұның өзі соттардағы реформалардың заман талабымен әлемдік стандарттарға сай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Қаракөз Қыстауова,
Алмалы аудандық №2 сотының судьясы
Алматы қаласы

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...