Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін ұлғаяды – Үкімет

Техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқушы орындарына тапшылықты жоюға бағытталған. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін мектептерді модернизациялау жалғасуда. 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады. Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі», — деді Е. Тоғажанов.

Сонымен қатар ол экономикаға нақты қажетті кадрлар даярлауға басымдық берілетінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өңірлерге шығу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері талқыланып жатыр. Депутаттардың өңірлерге сапарлары барысында көтерілген екі мыңға жуық сұрақтар Үкімет тарапынан жан-жақты сарапталып, қаралды.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.