IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Бұл туралы 10 наурызда кешке Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков хабарлады, — деп жазады Tengri Sport.

«Бүгін бір сағат бұрын IBF шешім шығарды. IBF-тің қатаң ережелері бар, олар өз хатында осыған сілтеме жасады. Олардың хатына сәйкес, Жәнібек Әлімқаұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді. Олардың ережелерінде кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек.

Қазіргі жағдайға байланысты, 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Федерация президенті ретінде мен бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ берді деп санаймын. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке одан да күштірек оралады және жақын арада төрт әлем титулын да жеңіп алады. Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді», — деді Ерденбеков.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы допинг-тесттен өте алмай қалған. Сондай-ақ Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы оны алты айға жекпе-жектерден шеттетті.

Соңғы дисквалификацияға қарамастан, Әлімханұлы әлі де WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ақпанда ұйым оң допинг-тестіне байланысты оны бір жылға — 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттеткен.

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.

Алматыда Көктөбе аумағы уақытша жабылады 

Алматы әкімдігі келушілер үшін Көктөбе аумағы уақытша жабылатынын ескертті.

Елімізде мемлекеттік мүлікке цифрлық паспорт енгізіледі 

Елімізде мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктіріп, әр нысанға цифрлық паспорт жасау жоспарланып отыр. Жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.