“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды. Марқұмдардың жақындары бұл отбасының ұл-қызы тірі табыларына сенгенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, күдікті қалада жалдап тұрған үйдің іргесінен өзінің көрсетуімен құзырлы органдар Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегін қазып алған.

«Екеуінің сүйегін бірінің үстіне бірін тастап көмген көрінеді. Әзірге бейресми дерек бойынша қаскөй Наурызды жазда өлтіріп көмген. Кейін үстіне Мейрамгүлдің мәйітін тастапты», — деп жазылған арна дерегінде.

Туыстарының айтуынша, қаралы отбасының ұлы Наурыз осы үйде, қарындасы мен күйеу баласының қасында болған. Жақындары оны соңғы рет мамырда ғана көрген.

«Тірі шығар деген үмітіміз болған, бірақ «сүйегі табылды» дегенді естіген кезде бізге оңай тиген жоқ. Бірақ сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Қылмыскер келді. Қылмысын мойындап тұр. …Елге апарып жерлеп, жаназасын шығарып, қызметімізді атқарамыз, тірі адам тірлігін жасайды», — деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың інісі Шалқар Мұқанғалиев.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.