Жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге грант бөледі

Енді жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге грант бөледі. Қорғаныс министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарымен осындай келісімге қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматыда қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде айтылды. Шараға Бас әскери прокурор Дастан Секенов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Кездесу әскери борышын өтегендерді тегін жоғары біліммен қамтамасыз ету бойынша Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындарының бірлескен жобасы аясында өтті.

«Бүгін қорғаныс министрі елуден аса жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады», — делінген хабарламада.

Елуден аса жоғары оқу орнының басшылары қол қойған келісімде ынтымақтастықтың бағыттары айқындалып, әскери борышын өтеген тұлғаларға жыл сайын тегін білім алуға бөлінетін орындардың саны айқындалған.

Келісімдер 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.