Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.

«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.

Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыруды өшіреді.

Олардың ішінде:

  • «Бәйтерек» монументі
  • «Астана Опера»
  • Әзірет Сұлтан мешіті
  • Тәуелсіздік Сарайы
  • «Астана Арена» стадионы
  • «Алау» мұз айданы
  • «Қазақстан» қонақ үйі
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.

Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.