Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді. Соған байланысты несие алу да қиындай түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарыз алушылар үшін нақты не өзгереді?

Несиелер табысқа көбірек тәуелді болады. Алдағы болатын өзгерістер туралы бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтқан болатын.

Айта кетейік, шілде айынан бастап банктер клиенттердің төлем қабілеттілігін қатаң бағалай бастайды.

Бұл жерде борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК) мен қарыздың табысқа қатысты коэффициентін (ҚТК) енгізу туралы мәселе сөз болып отыр.

БЖК адам өз табысының қанша бөлігін несиелер мен басқа да міндетті төлемдерге жұмсап жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, жаңа несие алу мүмкіндігі соғұрлым төмендейді.

ҚТК несиені қиындықсыз төлеу мүмкіндігін анықтайды

Қарыздың табысқа қатысты коэффициенті (ҚТК) адамның жаңа несиені шамадан тыс қаржылық салмақ түсірмей өтей алу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, банктер адам табысының қанша бөлігін қарыздарына жұмсап жатқанын және жаңа несие бойынша төлей алатынын тексереді.

Ресми табыссыз несие алу қиындайды

Негізгі өзгерістердің бірі — ресми табысқа басымдық беру. Банктер келесі жүйелер арқылы өтетін мәліметтерге сүйенеді:

  • зейнетақы жарналары;
  • міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС).

Егер адамның тұрақты және расталған табысы болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады.

Жаңа шектеулер кімдерге әсер етеді?

Өзгерістер, ең алдымен, табысы расталмаған қазақстандықтарға әсер етеді. Оларға мыналар жатады:

  • жалақысын ресми емес («конвертпен») алатын қызметкерлер;
  • еңбек шартынсыз жұмыс істейтін тұлғалар;
  • тұрақты немесе расталған табысы жоқ азаматтар.

Жаңа ережелер не үшін енгізілуде?

Өзгерістер банктер үшін де, қарыз алушылардың өздері үшін де тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Бұл жерде адамның табысы жеткіліксіз болса да несие алып, біраз уақыт төлеп, кейін борыштық жүктемені көтере алмай қалатын жағдайлары туралы сөз болып отыр. Жаңа талаптар мұндай жағдайлардың алдын алып, несие беру жүйесін тұрақты етуі тиіс.

Ережелер нақтылана түседі

Қазақстанда мұндай шектеулер бұрын да болған, бірақ шілде айынан бастап оларды қайта реттеп, икемді ету жоспарлануда. Енді банктер табыс деңгейін дәлірек есепке алып, әрбір қарыз алушыны бағалауға жекелей келеді.

Өзгерістер қашан өз күшіне енеді?

Жаңа ережелерді 1 шілдеден бастап енгізу жоспарлануда. Осылайша, несие алуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар жаңа талаптарды, әсіресе табысты растау бөлігін алдын ала ескергені жөн.

Еске салайық, бұған дейін енді қарызын төлемегендерге кредит берілмейтіні хабарланды. 

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...