Жетісу облысының елтаңбасы бекітілді

Жетісу өңірінің Елтаңбасы бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба жобасының авторы Жетісу облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі, сонымен бірге, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының корреспонтент мүшесі, вице президенті Дәуренбаев Есет Жеңісұлы.

Ведомство мәліметінше, өңірлік төлтаңба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде сараптамадан өтті және облыстық мәслихатпен келісілген.

«Елтаңба шеңбер ішінде орналасқан, Мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды.

Негiзгі нышандардың бірі — шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары,Талдықорған қаласының символы «Жетісу монументі», Ұлы Жібек Жолының нышаны — керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген», — делінген хабарламада.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...