Жетісу облысында 158 елді мекеннің тұрғындары тексеруден өтті

Жетісу облысында жылжымалы медициналық кешенннің көмегімен дәрігерлер 158 аудан мен ауылдарды аралып, тұрғындарды тексеруден өткізді. Қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында бейінді мамандардан құрылған топ 10 айда 62066 адамды тексеруден өткізді. Оның ішінде 7604-і баланы құрап отыр.
Құрамында терапевт, гинеколог, невропатолог, лор және ультрадыбыстық зерттеу жүргізу мамандары жылжымылы медициналық кешенде ауыл тұрғындарына 24 700 диагностикалық, 21 805 зертханалық зерттеулер және 52 206 консультациялық көмек көрсетті.
Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Джансенгиров Арман Серікұлының айтуынша, бұл іс-шара аурудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.
-Жылжымалы медициналық кешен азаматтардың ден¬сау¬лы¬¬ғын кең спектрлі тексеруден өткізуге арналған. Бұл жобаның басты ерекшелігі кез келген ауыл тұрғыны бейінді мамандардың тексеруінен өтіп, кеңес алуға мүмкіндігі бар. Яғни, мақсатымыз — ауруды бастапқы кезеңінде анықтап, емдеу. Бір айта кетерлігі, аталған кешен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көктем мен күз мерзімдері аралығында жолға шығып, тұрғындарды тексеруден өткізеді, — дейді басқарма басшысы.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде облыста 949 адамнан әртүрлі ауру белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жолдама берілді.
Естеріңізге сала кетсек, Жетісу облысында 8 жылжымалы медициналық кешен бар. Жалпы кешен талдауларды қабылдау аймағы, функционалды диагностика, акушер-гинеколог, сондай-ақ сәулелік диагностика кабинеттерінен тұрады.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...