Жетісу ауданының комьюнити орталығында «Stand Up Qoi» атты кеш өтті

Аталмыш шарада ауданның neet жастары мен stand up жанрында өнер көрсетіп жүрген әзілкештер бір сахнада өнер көрсетті.  Кеште жастар өз басынан өткен түрлі қызықты оқиғаларды әзіл түрінде жеткізіп, көрермен ықыласына бөленді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастарды ойын ашық жеткізуге, көпшіліктің алдында қорықпай сөйлеуге баулу. Сондай-ақ аудандағы шығармашыл жастарды қолдап, бағыт-бағдар беру. Кеш соңында көрермендер резиденттерге жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Stand up кеш өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Көңіл көтеріп, бір марқайып қалдық. Осындай шараларға жиі барып тұрамын. Жетісу ауданынының комьюнити орталығында stand up кеш болады дегенді естіп бірден келдім. Жастарға мүмкіндік беріп, осындай керемет кеш ұйымдастырған комьюнити орталықтың қызметкерлеріне өз ризашылығымды білдіремін, — дейді кеш қонағы.

Ұйымдастырушылар да өз тарапынан осындай іс-шараларға қатысам дейтін жастар болса, әрдайым қолдауға дайын екенін жеткізді.

– Бүгінгі шарада  тәжірибелі әзілкештер мен сахнаға алғаш рет шығып тұрған жастар болды. Менің ойымша өте жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта аталмыш шараны аптасына 1 рет тұрақты түрде өткізіп тұру ойда бар. Біз өзіміздің тарапымыздан жастардың әрбір бастамаларын қолдауға дайынбыз, — деді Жетісу ауданының комьюнити орталығының жетекшісі Оңдасын Құлымбетов.

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...