«Жеңістің рухани және әлеуметтік құндылықтары»

Тұрақты даму мақсаттарының — сапалы білім беру бағыты бойынша 2025 жылғы 27 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://farabi.university Философия және саясаттану факультетінде педагогикалық практика аясында «Майдангер Ерлігі – Ұрпаққа өнеге» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Бұл тәрбие сағатты 1 курс магистранты Кенжеев Омарқожа Охапқожаұлы «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттермен жүргізді. Тәрбие сағат барысында өсіп келе жатқан жастарымызға Ұлы Отан соғысының себептері, негізгі кезеңдері мен тарихи сабақтары талқыланды. Сонымен қатар, Жеңістің қазақ қоғамы үшін маңызы, майдангерлердің ерлігі, соғыс жылдарындағы халықтың бірлігі мен төзімділігі мәселелері кеңінен қарастырылды. Студенттер тарихи деректер мен естеліктер негізінде пікір алмасып, Жеңістің рухани және әлеуметтік құндылықтарына терең үңілді.

«Майдангер Ерлігі – Ұрпаққа өнеге» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаттың соңында мен де өз ойымды қосып, тәрбие сағаттың мазмұны мен маңызын атап өттім. Жас практиканттың алғашқы тәрбие беру жолындағы қадамы мен студенттердің білімге деген ынталары дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларынан жоғары баға алды

                                                                           Әл-Фараби атындаты КазҰУ,

                                                                                    Дінтану және мәдениеттану кафедрасының

                             профессоры Н.Ж.Байтенова, профессор Қ.М.Борбасова

Дінтану мамандығының 1 курс магистранты О.О.Кенжеев

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...