Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау және олардың алдын алу жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді.
Мәселен ыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында жүйелі шаралар қабылданып келеді. 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер орын алды. Атап айтсам: сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі және де сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған тұлғаларға көтермелеу шаралары қабылданды. Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық алуға тыйым салынды. Сонымен бірге пара берушілер мен пара алушылар, парақорлыққа делдал болғандарға да қатаң жазалар қарастырылып, бекітілді. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеттігі бар мемлекеттік қызметкерлер бар екенін айқындап берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетін байқап отырмыз.
Дегенмен мемлекет басшысы әлі де болса жемқорлықпен күрес деңгейіне көңілі толмайтынын айтып келеді. Соның дәлелі Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай күресу, бұл – жел диірменмен алысумен тең. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», – деген болатын.
Осы орайда еліміздегі жемқорлықпен күрес алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Алмабекова Кулмира Абиловна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы