12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ШЕКАРАДАН ШЫҒУЫН ШЕКТЕУ КЕРЕК

Сыбайлас жемқорлық қылмысымен ұсталғандардың шет елге шығуына тыйым салу керек. Біздің елімізде олар небары 8 жылға бас бостандығынан айырылуға кесілгенімен, 2 жылда босап шығады да, ары қарай шетелге қоныс аударады. Жемқорлықпен иеленген мүлкін, қаржысын алып кетуге де еш кедергі жоқ. Егер бұған тыйым салынып, олар шетелге шығу мүмкіндігінен айырылса, жымқырған қаржысын елде жұмсауға мəжбүр болар еді. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев осылай деп мəлімдеді.

Дəстүрлі жиында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бірінші оқылымда қаралған болатын. Азат Тұрдыбекұлы аталмыш ұсынысын осы құжатқа байланысты ортаға салды. Депутаттың айтуынша, бұған дейін де ол жетекшілік ететін «Ақ жол» партиясы бұл мəселені бірнеше рет көтеріпті. Осы жолы ғана үкімет оң қорытындысын беріпті. Бірақ соған қарамастан талап аталмыш құжатта көрініс таппай отыр. Заң жобасын талқылау барысында депутат бұған бірнеше рет назар аудартып, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыспен сотталғандарды елден шығармаудың заң жүзінде айқындалуын табанды түрде талап етті. Жиында жаңа құжатты қорғаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов бұл мəселені шешу тек уəкілетті органның құзырында емес екенін айтып, екінші оқылымда мүдделі ұйымдармен қарап, ортақ шешімге келуге тырысатынын айтумен болды. Алайда, бұл жауап Азат Тұрдыбекұлын қанағаттандыра қоймады. Бұл орайда ол міндетті төлемдер бойынша аз ғана қарызы үшін азаматтардың шетелге шыға алмай жататынын, ал ел бюджетін тонаған сыбайлас жемқорларға өзге елге қаржысын əкетуге шек қойылмайтындығы ақылға сыймайтынын айтып, бұл мəселені тіпті нотариустар арқылы оңай шешуге болатынын мəлімдеді. Əйтсе де құзырлы орын өкілінің бұл сөзге де уəжі жоғарыдағыдан аспады. Осылайша сыбайлас жемқорлардың шетке шығуына тыйым салу жайының шешімін табу мүмкіндігіне қатысты кесімді сөз айтылмады. Шын мəнінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық Қазақстанның тұрақты дамуына кедергі келтіретін негізгі мəселелердің бірі болып отыр. Оның бір себебі аталған мəселелер секілді заңнамалық жүйедегі олқылықтар. Тұтастай алғанда қаралған жаңа құжатта олар барынша жойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу шаралары мүмкіндігінше күшейтілген секілді. Жалпы жаңа құжатқа ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген шараларды іске асыру мақсатында Үкімет бастамашылық жасапты. Тұжырымдамада қоғамның сұраныстары, ұлттық жəне озық шетелдік тəжірибе ескеріле отырып қалыптастырылған бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыру көзделген. Осыған орай заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне ауыр жəне аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімін енгізу, мемлекеттік қызметте жəне квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысы институтын жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың жеке мүдделерін декларациялауды енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар институтын дамыту,мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін жауаптылығының құқықтық тетіктерін жетілдіру, параны талап етуді, сондай-ақ параны уəде ету мен ұсынуды, мемлекеттік органның, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымның қызметкеріне заңсыз сыйақы ұсынуды қылмысқа жатқызу, мемлекеттік орган, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақыны бопсалауымен байланысты қылмыстарға қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмысты жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсқыз меттің тəуелсіздігін қамтамасыз ету заңнамалық тұрғыдан реттеу көзделіпті. Ал, ілеспе құжат «Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ұсынылған заңсыз материалдық сыйақының еселенген сомасы мөлшерінде есептелетін санкция белгілеу арқылы əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауаптылығын күшейту қарастырылды. Сонымен қатар бұл құжатта арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алғаны үшін заңды тұлғалардың əкімшілік жауаптылығын күшейту белгіленді. Кəсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін субъектілік құрамды кеңейту жəне əкімшілік жауаптылықты 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін күшейту де көзделді. Жиында баяндама жасаған осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Парламент Мəжілісінің депутаты Айдос Сарымның айтуынша, құжат барынша тыңғылықты талқыланып, заң жобасының жекелеген нормалары бойынша сарапшылармен консультациялар өткізілді. Мəжілістің жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында бөлек қаралып жəне əр бағыт бойынша жабық, үлкен-кішілі түрде қосымша семинарлар да ұйым дастырылған. Бастапқыда заң жобасында Қылмыстық кодекске параға келісім бергені, пара сұрағаны жəне талап еткені үшін жаңа 366-1-бапты енгізу, сондай-ақ параны уəде еткені жəне ұсынғаны үшін жаңа 367-1-бапты енгізу ұсынылыпты. Олар қылмыстық теріс қылықтарға жəне ауырлығы төмен қылмыстарға жатқызылуы туралы мəселе қойыл ған. Ұзақ пысықтау процесінде жəне халықаралық озық тəжірибені ескере отырып, жұмыс тобы параны талап етуді, уəде етуді жəне ұсынуды жаңа қылмысқа жатқызу қажет деген қорытындыға келіп, оларды тиісінше Қылмыстық кодекстің 366-бапта (пара беру) жəне 367-бапта (пара алу) көзделген қылмыстар құрамында қарастыру керек деген ұйғарым жасалды. Айдос мырза мұны Қазақстан үшін революциялық норма деп айтуға болады деп атап көрсетті. Яғни, əлемдік, Еуропа елдеріне сай осы өзгеріс біздің Қылмыстық кодекстің концепциясына еніп отырған тың талап. Бұл жемқорлыққа қарсы жаңа мəдениетті қалыптастыру үшін аса қажетті шара. Қазіргі уақытта мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсқызметтің тəуелсіздігін қамтамасыз етуді регламенттеуге байланысты заң жобасының нормаларын пысықтау бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Сөз алған өзге депутаттар да жаңа құжаттағы жаңа өлшем-пара беру туралы уəде беру, ұсыныс жасау жəне талап қою үшін қылмыстық жауапкершіліктің маңыздылығын атап көрсетті. Солардың бірі Абзал Құспанның айтуынша, бұл норманың болмауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мүмкіндіктерімізді азайтады жəне халықаралық стандарттарға қайшы келеді. Қазақстан 2008 жылы БҰҰның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау арқылы осы əрекеттерді қылмыстық іс-əрекет ретінде тану міндетін өз мойнына алды. 16 жылдан кейін, бізде бұл міндеттемені орындауға маңызды қадам жасалып отыр. Құжат бірінші оқылымда қаралып, екінші оқылымда пысықталуға жіберілді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшасын қайда жұмсап жатыр?

Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар оны қандай мақсатта қолданып жатыр? БЖЗҚ статистика ұсынды.

Несие алу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер болады?

2024 жылы 6 613 727 қазақстандық несие алған. 2024 жылы қазақстандықтардың берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артқан. Ал 2025 жылы несие алуда қандай өзгерістер болмақ?

Әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қазақ әуендері қашан қайтарылатыны әлі де белгісіз

Meta компаниясына тиесілі Instagram мен Facebook қазақ әуендерін қашан желіге қайтаратынын ашып айтпай отыр. Әділет министрлігі келіссөздердің әлі күнге дейін жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды.

Жемқорларды шетелге шығармау нормасы қаралуы мүмкін

Таяуда заң жобасына жемқорларды шетелге шығармау туралы норманы енгізу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті.