Қазақстан мен БАӘ қандай құжаттарға қол қойды?

Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автокөлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Masdar компаниясы арасында Қазақстан Республикасында 2 мың МВт-қа дейін қуат сақтау жүйесі және 500 МВт-қа дейін тәуліктік энергиямен қамту жобаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен AIQ арасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Abu Dhabi Commercial Bank арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясы арасында Қазақстан Республикасында суперкомпьютер кластерін құру жөніндегі келісім;
  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы сауда флотын кеңейту бойынша ынтымақтастықты дамытуға қатысты хаттама;
  8. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен AIQ арасында мұнай-газ саласын цифрландыру бағытындағы ықпалдастық мәселелері бойынша стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім;
  9. Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын салу және қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited арасында Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен оған іргелес аумақты дамытуға инвестиция салу туралы келісім.

Бұдан бөлек құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісім ратификацияланғаны хабарланды.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.