Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын тежейді. Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір адамның емес, көпшіліктің белсене ат салысатын ісі. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес, азаматтық және қоғамдық ұйымдар маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет.
Қазақстан бүгінгі таңда экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған кезеңінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу және оны ескерту жұмыстарын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Болашақта біздің ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүретіні заң орындаушы әрбір Қазақстан азаматын ойландыратыны анық. Олар болашақта Қазақстанды парақорлыққа және сыбайластыққа малынған мемлекет ретінде емес, гүлденген және ілгері жылжыған мемлекет ретінде көргілері келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетістіктерге сыбайластықтың қай түрі болмасын пайда болуына бұқаралық топтардың атсалысуы жағдайында ғана жетуге болады. Өйткені сыбайластық тек “алушының” ғана емес “берушініңде” өзекті мәселесі. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.
Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Мемлекеттік қызметшілер де сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік орган мен мекеменің лауазымды адамдарының Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі шегінен шыққан әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті органына, прокуратура органдарына немесе сотқа шағым беруге болатынын ауданымыздың әрбір азаматы есте сақтағаны жөн.
Тараз қаласының мамандандырылған
тергеу сотының әкімшісінің
бас маман- сот отырысының хатшысы Ж. Аюбеков