12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ – ЕЛІҢДІ ҚОРҒАУ

Жеңұшынан жалғасқан жемқорлықтың тамырына балта шабу күн тәртібіндегі аса өзекті мәселе болғанымен күн өткен сайын елдегі жағдай ушығып бара жатқаны жасырын емес. Дегенмен, күн өткен сайын ондаған жылдар бойы бюджеттің бүйірін кенеше сорып, халықты қан қақсатқан жемқорлар құқық қорғау органдарының құрығына ілініп те жатыр. Сәт сайын мемлекеттің қазынасы мен бюджет қоржынына сумаңдата қол салып, түрлі құйтырқы жолдармен түйені түгімен жұтып жатқандардың түптің-түбінде қолына кісен салынып, заң алдында жауапкершілікке тартылып жатқаны бұған айқын дәлел. Ақмола облысында да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барынша кең көлемде жүзеге асырылып келеді.

Әділдік қалқаны

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мəліметінше бүгінде құқық қорғау органдары азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жəрдемдесуінің маңыздылығына жəне құқық бұзушылықтар туралы уақытылы хабарлауға баса назар аударады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте ең маңызды фактор – азаматтық ұстаным екені сөзсіз. Қоғамда заң мен тəртіп қағидаларының сақталуы үшін тұрғындардың сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу мақсатында белсенді əрі жауапты əрекеттерінің маңызы аса зор. Осы орайда Ақмола облысындағы бір оқиғаны ерекше атап өткен жөн. Ведомство өкілдері жемқорлық қылмысының болғаны туралы азаматтардың дер уақытында хабарлай бастауынан елімізде халықтың біртіндеп болса да азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын атап өтті.

Іргетас

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне Ақмола облысы аудандарының бірінде білім бөлімінің басшысы тарапынан болған заңға қайшы əрекеттер жасалғанын хабарлаған Қатима Ахметованың ісі осыған айқын дəлел. Бұл – заңға деген шынайы құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Оның азаматтық оң ұстанымының арқасында департаменттің превенция басқармасымен мемлекеттік органның басшысына сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жəне жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдамағаны үшін Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 680-бабы бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот шешімімен лауазымды адам əкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылған. Бұл жағдай əрбір азаматтың заңды қорғауға тікелей үлес қоса алатынын айқын дəлелдейді. – Қатима Ахметованың азаматтық батылдығы əркімнің заң жəне тəртіпті қорғауға өз үлесін қоса алатынын айқын көрсетті. Ол өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – өз еліңді қорғау, тек мемлекеттің ғана емес, əділетті жəне құқықтық қоғамға ұмтылатын əр азаматтың міндеті» деген ойын жеткізді. Елімізде мұндай азаматтардың көп болуы заң талаптарының іс жүзінде орындалып, елдің болашағына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабады, – дейді ведомствоның баспасөз қызметінен. Осы орайда «Əділ қоғам» жобасы мəдени-ағартушылық іс-шаралар арқылы азаматтарды құқыққа құрметпен қарауға, заң алдында жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын өмір салтына айналдыруға үндейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттік орган «Заң жəне тəртіп» апталығы шеңберінде де қауымдастық жəне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп, қу құлқынның қамын ойлаған жемқорлардан тəркіленіп алынып мемлекеттің меншігіне қайтарылған қаражат есебінен салынған əлеуметтік нысандарды көрсетуге де барынша назар аударады. – Мұндай шаралардың мақсаты мемлекет меншігіне заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жүйелі жұмысы туралы ақпараттандыру болып табылады. Аталған жұмыс бюджет қаражатын қолдану мөлдірлігін арттырып, сонымен қатар мемлекеттік институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді,– деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ұрланған актив – халыққа қайтарылған игілік

Ведомствоның мəліметінше жемқорлардың тойымсыз жемсауынан қайтарылған активтердің қатарында бизнес орталықтар, əкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, тұрғын үйлер, пəтерлер, жайлы мектептер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер учаскелері, люкс автокөліктер мен қомақты қаражаттар бар. Ақкөл ауданының Кіші Барап ауылында орналасқан Өтемісов атындағы оқушылар сарайы өңірдегі осындай нысандардың бірі. Аталған сарайдың қазіргі уақытта пайдалануға беріліп қойғанын атап өткен жөн. Бүгінде мұнда заманауи арт-шеберханалар, «Өрлеу» коворкинг-орталығы, спорт алаңдары, жасанды су айдыны жəне балаларға арналған демалыс аймақтары жұмыс істейді. Бұл – ұрланған активтердің заңды жолмен халыққа қайтарылғанының жарқын үлгісі екені сөзсіз.

Қырағылық – маызды фактор

Аймақта ұлтық қауіпсіздік комитеті қызметінің жіті қырағылығының арқасында бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының беті ашылып жатқанын атап өткен жөн. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мəліметінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен ұстаған. – Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мəселесі қаралуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сəйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды,– деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Қайырлы Ахмет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды фактор – қоғаммен кері байланыс екені рас. Осыған орай агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті келесі байланыс арналары арқылы кез келген азаматты құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады. – Жемқорлық елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, халықтың лайықты түрде өмір сүруіне жəне елдегі заң мен тəртіп қағидаттарының өрескел бұзылуына қатер төндіреді. Сондықтан еліміздегі барлық азаматтарды жемқорлық жайлы хабарлауға шақырамыз. Ол үшін тəулік бойы жұмыс істейтін əрі тегін 1424 Call-орталығына, +7 777 000 1424 WhatsApp чат-ботына, əлеуметтік желілердегі ресми Instagram, Telegram, т.б. аккаунттарға тікелей хабарлауға болады. Бұл арналар арқылы тек шағым қабылданып қана қоймай, əділетті қоғам құру жолында халықпен бірлесе жұмыс істеудің үлгісі көрсетіледі, — деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Құқықтық тәртіпті нығайтудың жаңа форматы

Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан «Зиялы қауым» бағдарламасы өткен...

Ата Заңымыз тарихымыздың тамырынан нәр алған

Тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына биыл 30 жыл толады....

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстандағы әлеуметік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,...

Қазақстандық әйел Мәскеуде массаждан өткен халықаралық чемпионатта күміс жүлде алды

Бьюти-шебер Ильвира Сарсекбаева Мәскеуде массаж жасаудан өткен халықаралық чемпионатта...

«Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы»

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда...