Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның сыртқы саяси бағытының трансформациясына ерекше назар аударылған. Еліміздің бойтұмарына айналған көпвекторлы сыртқы саясат қазіргі жағдайда сапалық тұрғыдан жаңа мазмұнға ие болғаны атап өтіледі.

Автордың пайымдауынша, бұл ретте Мемлекет басшысының орасан зор дипломатиялық тәжірибесіне негізделген шешімдері шешуші рөл атқарды.

«Қазір Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сол тұжырымдаманы жаңа жаһандық сын-қатерлерге бейімдеді. Күш орталықтары арасындағы тепе-теңдіктен Қазақстан белсенді түрде көптеген параллель халықаралық желілерге қосыла бастады. Біз бір уақытта ЕАЭО мен ШЫҰ, C5+1 және Еуропалық Одақпен кеңейтілген серіктестік келісіміне қол жеткізіп, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қатысу арқылы аталған алаңдар тоғысатын торапқа айналып отырмыз», – деп жазады Мәулен Әшімбаев.

Мақалада атап көрсетілгендей, жаңа модель қазірдің өзінде нақты нәтижелер беруде. Бұрынғы кезеңнен айырмашылығы, ол «имидждік емес, нақты кірістермен өлшенетін нәтижелер әкелуді» қамтамасыз етеді.

««Көпвекторлық 2.0» «романтикалық дипломатиядан» нақты мүдделер дипломатиясына, экономикалық прагматизм саясатына көшуді және құбылмалы дәуірдің сын-қатерлерін еңсеруді көздейді», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Мақалада Қазақстанның белсенді көпвекторлы саясатының негізгі басымдығына айналған қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінген. Еліміз қақтығыстарды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді және халықаралық құқықты нығайтуды дәйекті түрде жақтап келеді.

Сенат Спикері осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық институттарды реформалау, соның ішінде Жаһандық Оңтүстік елдерінің мүдделерін ескеруге және орта державалардың рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ-ның ауқымды реформасы бойынша бастамаларын белсенді ілгерілетіп жатқанын айтады.

Осылайша, мақалада атап көрсетілгендей, көпвекторлылық 2.0 жай ғана сыртқы саяси ұстаным емес, қалыптасып жатқан мультиплексті әлем жағдайында Қазақстанның тұрақтылығын, қауіпсіздігін және экономикалық дамуын қамтамасыз ету стратегиясына айналуда.

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...

СОКРАТИТЬ ДЕФИЦИТ КАДРОВ

В КАЗАХСТАНЕ МОДЕРНИЗИРУЕТСЯ ПРОГРАММА ДОБРОВОЛЬНОГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ГРАЖДАН В РЕГИОНЫ,...