Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды

Қазақстандық байланыс операторы кейбір тарифтердің бағасын көтермек. Бұл қадамның себептерін Tengrinews.kz анықтап көрді.

Бұған дейін Kcell және Activ абоненттеріне тарифтер бойынша абоненттік төлем өсетіні туралы хабарламалар келген болатын.

Редакцияның ресми сұрауына жауап ретінде Kcell (Activ брендінің иесі) 13 желтоқсаннан бастап Kcell және Activ 18 тарифтік жоспар құнын өзгертуді жоспарланғанын хабарлады.

«Бағалардың орташа өсімі тарифтің қазіргі шарттарына байланысты 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) болады», – деп хабарлады Kcell өкілдері.

Компания мәліметінше, Kcell және Activ тарифтік саясаты нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасады.

«Біздің өзіндік құнымыз жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, электр энергиясының қымбаттауы тариф құнына тікелей әсер етеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір базалық станция 20 орташа пәтер тұтынатын электр энергиясын пайдаланады. Сонымен қатар, валюта бағамының ауытқуы да қызмет құнына әсер етеді, себебі желіні жаңғырту және қолдау үшін қажетті жабдық шетелден сатып алынады», – деп түсіндірді компания.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Tengrinews.kz сұрауына жауап ретінде 2017 жылдан бастап мемлекет ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету бағасын реттемейтінін айтты. Байланыс туралы заңға сәйкес, операторлар баға мен тарифтерді өздері анықтайды.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.