Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.

Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір комбинациясын таңдайалады.

Негізгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін қаңтар және наурыз ҰБТ-ларын тапсырған талапкерлерге әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылған. Яғни, әрбір ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектер өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, сол бағытта дайындалып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін, оларда екінші тестілеуге дайындықты жақсарту үшін уақыт болады.

Одан бөлек, Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынақтары іске қосылды және тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл 140 балды құрайды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Емтихан кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар талапкерлерге ыңғайлы болу үшін кестелердің қағаз нұсқалары да беріледі.

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу шекті балы – 65 балл, басқа жоо-ларға 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – 75 балл. Бұл ретте «Қазақстан тарихы» және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алатынын айта кеткен жөн.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тестілеуге кіре берісте тыйым салынған заттарды, мысалы, телефондарды, шпаргалкаларды және т.б. алып кіруге жол бермеу үшін қол және рамалық металл іздегіштер қолданылады.

Тестілеу аудиторияларында рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектронды байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады, сондай-ақ бейнебақылау жүргізіледі.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін, 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Жұмыс істейтін оқушылардың құқығы қалай қорғалмақ?

Министрлік кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жұмыс істеуі мен жалақы төленбеу деректері анықталғанын мәлімдеді.

Размытые границы дозволенного

РОСТ НАРКОЗАВИСИМОСТИ, АЛКОГОЛИЗМА, ЛУДОМАНИИ И РАСПРОСТРАНЕНИЕ АГРЕССИВНОЙ ПУБЛИЧНОЙ ЛЕКСИКИ СТАНОВЯТСЯ ЗАМЕТНЫМИ СОЦИАЛЬНЫМИ ВЫЗОВАМИ. ПАРЛАМЕНТАРИИ СЧИТАЮТ, ЧТО СКЛАДЫВАЮЩИЕСЯ В ОБЩЕСТВЕ ТЕНДЕНЦИИ ТРЕБУЮТ БОЛЕЕ СИСТЕМНОГО ПОДХОДА СО СТОРОНЫ ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ И УСИЛЕНИЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ РАБОТЫ, ОСОБЕННО СРЕДИ МОЛОДЕЖИ.

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Алматыда 2025–2026 оқу жылы ресми түрде қорытындыланды. Қаладағы 360 мектепте білім алған 357 222 оқушы үшін жазғы демалыс басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу ұсынылып отыр.