Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған «Стоп-бұзушылық» жедел алдын алу шарасы барысында 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол қозғалысы ережесін бұзудың басым бөлігі – өрескел әрі қауіпті әрекеттерге қатысты.

Полицияның дерегінше, осы кезеңде 4,7 мыңнан астам көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов жолдағы ахуалдың әлі де күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бақылау күшейтілгенімен, адам факторына байланысты құқық бұзушылықтар азаймай отыр. Полиция тек өрескел ереже бұзуды ғана емес, сонымен қатар агрессивті жүргізу, қауіпті маневрлер жасау және жол ережелерін әдейі елемеу жағдайларын да жүйелі түрде тіркеп келеді.

Әсіресе мас күйде көлік жүргізетіндер, жүргізуші куәлігінсіз немесе жалған нөмірмен көлік айдайтындар үлкен қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қатер әкеледі, – деді  Ғалым Сарғұлов.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыда резонанс тудырған жол апаты болған еді. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы (20 және 22 жаста) оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде оның мас күйде болғаны анықталған.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.